Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 357,5 миллион теңгенің жобасы қаржыландырылды. Бұл туралы Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Сергей Кистин мәлімдеді.
Оның айтуынша, бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2013 жылдан бастап облыста 357, 5 миллилон теңгеге 131 грант берілді.
Гранттық қаржыландыруды ұсыну бойынша конкурсқа өтінімдердің саны мен сомасы жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2018 жылы конкурсқа жалпы сомасы 345,5 млн теңгеге 120 өтінім берілді, 2019 жылы 165 өтінім, 2020 жылы 169 өтінім берілді, оның ішінде жас кәсіпкерлер үшін жалпы сомасы 768,5 млн теңгеге 43 өтінім мақұлданды. Биыл гранттық қаржыландыруды ұсынуға бастапқыда 79 млн теңге бөлінді, оның ішінде 39 млн теңге жас кәсіпкерлерге гранттар беруге бөлінді. Коронавирустық пандемия мен карантиндік шектеулерге байланысты шағын кәсіпкерлік саласындағы қиын жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы бизнестің осы санатына барынша қолдау көрсету туралы бірнеше рет тапсырма берді. Осыған байланысты, гранттық қаржыландыру қажеттілігінің жыл сайын ұлғаюын, сондай-ақ гранттың шекті мөлшерінің 3 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін ұлғаюын ескере отырып, республикалық бюджеттен 21 миллион теңге, жергілікті қазынадан 60 миллион теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлінді. Биыл 43 грант бөлінеді деп жоспарлануда, - дейді Сергей Кистин.
Оның мәліметінше, «Еңбек» бағдарламасы аясында Көкшетау және Степногорск қалаларында шағын несие беру жүзеге асырылуда.
Бизнесті несиелеу қаржы институттары арқылы жүзеге асырылады. 2021 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша шағын несиелендіруге 885,057 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаражат биылғы наурыз, сәуір айларында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына аударылды. Аталған қор 127,8 млн теңге сомаға 15 кредит берді. 154,3 млн теңгенің 16 жобасы мақұлданды, 180 млн теңгенің 13 жобасы қаралуда. Бағдарлама аясында кредиттерді ішінара кепілдендіруге 2021 жылға 70,9 млн теңге бөлінді, 50% мөлшеріндегі қаражат ақпанда «Даму» қорына аударылды, 44,6 млн теңге кредит сомасына 9 кепілдік берілді, - деп түсіндірді депутат.
Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру бойынша екінші бағыт енгізілді.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 10 наурыздағы отырысының нәтижелері бойынша Ақмола облысында микрокредиттер беруге арналған қаражаттың 1 543 000 0000 теңге сомасында лимиттері бекітілді. Қазіргі уақытта «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Ақмола филиалына «Бастау бизнес» жобасы қатысушыларының бизнес-жобаларына микрокредит бөлінеді.
Өңірлік кәсіпкерлер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына белсенді қатысады. Бағдарлама үнемі жетілдіріліп отырады. Кәсіпкерлер биыл күшіне енген түзетулердің жетінші пакеті енгізілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына операторлар ретінде лизингтік компаниялар енгізілген. Бұдан басқа, екінші деңгейлі банктер мен Аграрлық несие корпорациясының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 60-тан 50 млрд теңгеге дейін төмендетілді. Бұл өзгерістер бизнестің пікірі мен өзгеріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып қабылданды. Қазіргі уақытта басым жобаларға кредит беруге арналған тауарлар тізбесіне 140-тан астам қызмет түрлері бойынша шамамен 1500 атау кіреді. Бағдарлама аясында «Агрофирма Родина», «Асыл Арман», «MILK PROJECT», «Kazyna SR», «Авиценна-Бурабай», «КАИК», «AGROFIDELITY», «KazBeef Processing» ЖШС және басқа да кәсіпорындар өз жобаларын сәтті жүзеге асырды, - дейді халық қалаулысы.
2019-2021 жылдары «Қарапайым заттар экономикасы» портфелі 45 млрд теңгеге өңдеу өнеркәсібі, АӨК және қызмет көрсету саласының 256 жобасынан тұрады, оның ішінде 38,1 млрд теңге сомаға 242 жоба мақұлданды және қаржыландырылды.
Өңдеу өнеркәсібінде 19 млрд теңге сомасына 32 жоба, ауыл шаруашылығында 14,1 млрд теңге сомасына 204 жоба, қызмет көрсету саласында 5 млрд теңге сомасына 6 жоба мақұлданды. 1 300-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Қазіргі уақытта ЭӨЖ бағдарламасы бойынша 9,2 млрд теңге сомаға 47 жоба мақұлданды және қаржыландырылды. Жалпы, Ақмола облысында Бизнестің жол картасы - 2025, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік және қарапайым заттар экономикасы бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда және күнделікті бақылауда, - деп түйіндеді Сергей Кистин.