Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында 218 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов мәлімдеді.
Ақмола облысы бойынша сайлаушылар тізімінде барлығы 100 111 адам бар.
Облыстың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 25 шілдеде Астана уақытымен 07.00-дегі жағдай бойынша 218 учаске дауыс беруге кірісті, - деп атап өтті облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.
Сайлау учаскелеріне келу және сайлау барысы туралы ақпарат әр екі сағат сайын хабарланатын болады.
Бүгінгі сайлауға 218 учаскелік сайлау комиссиясы қатысады. Барлық учаске дайын. Барлық комиссия сайлау билеттерін алды, сайлау комиссияларының жұмыс тәртібі туралы жиналыс өткізілді, - деді өңірлік сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкин.Оның айтуынша, бүгінгі күні таңертең 10 348 сайлаушы тіркелген. Алайда кешке қарай бұл сан өзгеруі мүмкін.
303 кандидат тіркелді, бірақ әртүрлі себептермен 13 кандидат алынып тасталды, сайлау алдындағы жарысқа 290 кандидат қатысуда, - деді Николай Политкин.Облыс бойынша барлығы 95 әкім сайланады, оның ішінде аудандық маңызы бар қалалардың екі әкімі, олар Ерейментау және Державинск қалалары, қалғандары кенттер мен ауылдық округтер.
Мұндай сайлау алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл біздің азаматтарымыз үшін жағдайға әсер етудің нақты мүмкіндігі, мәселелерді шеше алатын лайықты адамды көру және таңдаудың ашықтығы. Негізінен бізде бір учаскеде үш үміткер бар, - деп толықтырды Николай Политкин.
Оқи отырыңыз: