Ақмола әкімі Шортандыдағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

26 Қараша 2021, 17:54
1020
Бөлісу:
Ақмола әкімі Шортандыдағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Шортандыдағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Әкім газ баллонының жарылуы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қандай көмек көрсетілгенін мәлім етті.

Бұл қайғылы оқиғаны естіген бойда жедел Шортандыға бардық. Газ баллоны жарылып, 13 адам зардап шекті. Өкінішке қарай, бес адам, оның ішінде үш бала мерт болды. Зардап шеккендерді Нұр-Сұлтан қаласының ауруханаларына жеткіздік. Бүгінде алты адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр , - деді Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкім сол уақытта жедел штабтың құрылғанын еске салды.

Біріншіден, Нұр-Сұлтандағы бірінші, екінші қалалық ауруханаларға жедел түрде (зардап шеккендер – шамамен) жатқызу қажет болды. Денсаулық сақтау министрлігіне, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне мың алғыс. Олар біздің науқастарды дер кезінде қабылдады. Жерлеуге көмек ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бұл үйде үш пәтер болған. Олардың барлығы апатты жағдайда қалған еді. Біз тұрғындарды тез арада қауіпсіз жерге көшірді, - деді Маржықпаев.

Оның айтуынша, бүгінде пәтер сатып алуға 30 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ бұл көмектен бөлек өңір мешітіне 13 миллион теңге қаржы жиналған. Бұл қаржы да көмек беруге жұмсалады.

Өзгелердің жаңалығы