Аккредитациядан өткен екі шетелдік байқаушы сайлауға қатыса алмайтын болды

13 Ақпан 2023, 10:25
844
Бөлісу:
Аккредитациядан өткен екі шетелдік байқаушы сайлауға қатыса алмайтын болды
Фото: Қазақпарат

Аккредитациядан өткен екі шетелдік байқаушы сайлауға қатыса алмайтын болды. Бұл туралы ОСК-ның отырысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОСК 2023 жылғы 20 қаңтарда халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 3 шет мемлекет пен 2 халықаралық ұйымнан 62 байқаушыны ресми тіркеуден өткізген болатын. 

Бүгінгі таңда Сыртқы істер министрлігінен 3 шет мемлекет пен 2 халықаралық ұйымнан 12 байқаушыны тіркеуге өткізу ұсынылды. Атап айтқанда, Корея Республикасы (1 байқаушы), Қырғыз Республикасы (1 байқаушы) және Таиланд Корольдігінен (1 байқаушы), Тәуелсізді Мемлекеттер Достастығы байқаушылар миссиясынан 7, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 2 байқаушы тіркеуге ұсынылды, - деді Ерман.

Мұхтар Ерманның айтуына қарағанда, екі шетелдік байқауға сайлауға қатыса алмайды.

Сонымен қатар 10 ақпанда ОСК-ға сайлауға тіркеуден өткен Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының 2 мүшесі байқауға қатыса алмайтынын хабарлады. Миссия мүшелерінің тізіміне тиісті өзгерістер енгізу үшін СІМ-нен ұсыным келіп түскен болатын. Осыған байланысты ДИАҚБ миссиясының 2 байқаушысының тіркеуі қайтарып алынады, - деп атап өтті ОСК хатшысы.

Ол сайлауға қатысудан бас тартудың себебі әрбір миссияның өзінің жеке ішкі процедуралары мен тәртібіне байланысты. Мұндай жағдайлар практикада бар. 

Оның сөзінше, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы комиссия қаулысы жобасы дайындалды. 

ОСК осы мәселеге қатысты тиісті қаулыны қабылдады.

Халықаралық ұйымдардың байқаушылары 13 наурызға дейін аккредитациядан өте алады.

Өзгелердің жаңалығы