Әкімдіктер өңір экономикасының өсу қарқынын төмендетпеуі керек - Смайылов

13 Қыркүйек 2022, 10:36
2172
Бөлісу:
Әкімдіктер өңір экономикасының өсу қарқынын төмендетпеуі керек - Смайылов

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов еліміздің  экономикалық өсуінің негізгі драйверлерін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл сегіз айда  экономиканың өсімі  өткен жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда  3,1%-ке өсті. Экономикалық өсудің негізгі драйверлері – өңдеу өнеркәсібі 4,8%,  машина жасау  8%-ке жуық,  оның ішінде   автомобиль жасау 18%-тен астам,  локомотивтер мен вагондарды қосқанда,  басқа да көлік құралдарының өндірісі 11,5%-ке өсті. Өңдеуші секторда  химия өнеркәсібі 12%-ке,  жеңіл өнеркәсіп 7,5%-ке, металлургия – 5%-тен астам   және мұнай өңдеу 4%-ке өсіп,  жоғары динамиканы көрсетті. Тау-кен өнеркәсібінде   көмір өндіру 2,2%-ке,  табиғи газ өндіру 3%-ке  және кен өндіру  5%-тен астам ұлғайып,  тұрақты өсім тіркеліп отыр. Құрылыс секторында   7,5%-ке жоғары өсу қарқыны   қамтамасыз етілді  және 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй   пайдалануға берілді, - дейді Әлихан Смайылов.

Премьердің айтуынша, ауыл шаруашылығында  4,3% тұрақты өсім қалыптасты. Қызмет көрсету саласында сауда 5,2%-ке,  көлік 5,5%-ке   және байланыс 6,6%-ке өсті.

8 айдың қорытындысы бойынша   барлық негізгі көрсеткіштер  Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында өсіп отыр. Барлық әкімдіктер өңір экономикасының өсу қарқынын төмендетпеуі керек. Сонымен қатар,  тамыз айының қорытындысы бойынша   елімізде жылдық инфляция   16%-тен асып кетті. Өңір әкімдіктері   мемлекеттік органдармен бірлесіп,  әлеуметтік маңызы бар  азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру,  азық-түлік өнімдерінің өндірісін ынталандыру  және ішкі нарықты толықтыру бойынша  жұмыстарды күшейту қажет, - дейді Үкімет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы