СҚО әкімдері 5 күн бойы сабақ оқиды

11 Наурыз 2019, 17:57
2625
Бөлісу:
СҚО әкімдері 5 күн бойы сабақ оқиды

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда қала және аудан әкімдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған бес күндік семинар басталды. 

Шенеуніктер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің бірінші орынбасары, жобалық менеджмент бойынша сертификатталған жаттықтырушы Арман Евниев және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өкілдерінен 5 күн бойы сабақ алады.

Президент өз жолдауында мемлекеттік қызметшілер мен билік өкілдеріне халықтың әл-ауқатын жақсартып, елдің экономикалық әлеуетін көтеріп, экспортты еселеуді жүктеді. Аталған межені жүзеге асыру жолында елімізде түрлі шара жүзеге асырылуда. Солтүстік Қазақстан аудандарының әкімдеріне арналған семинар – солардың бір парасы. «Аумақтық дамудың трансформациясы» атты жин 14 әкімнің басын қосты. Оның басты мақсаты – билік өкілдерінің кәсіби шеберлігін дамытып, жаңаша ойлау мәдениетін қалыптастыру.

«Оқу, білім алу ешқашан артық болмайды. Бүгінгі семинар – жақсы бастама. Заңдар, түрлі талаптар өзгеріп жатыр. Сол құжаттардың барлығымен тереңірек танысуға мүмкіндік аламыз. Мемлекеттік бағдарламалар, оларды жүзеге асырып, табысқа жетудің тетіктері жайында да айтылады», - дейді Жамбыл ауданының әкімі Мұратбек Әбішев.

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев семинарға қатысушалырға «ауыл шарушылығы өнімдері мен экспорт көлемін ұлғайту», «Мемлекеттік жобларды тиімді жүзеге асыру» сынды тағы басқа тақырыптарда дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. Спикер қағазбастылық жүйеден бас тартып, экономикалық әлеуетті арттыру бағытында жаңа тәсілдерді қолдану керектігін тілге тиек етті.

«Бірінші кит – смарт мақсаттар. Яғни, мақсатты анықтаудың жолдары. Байқағанымдай, көп мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлер өз мақсаттарын дөп басып айта алмайды. Ол – актуалды, шынайы және қолжетімді болуы шарт. Екінші – жауапкершілік, әр индикатордың соңында нақты фамилия тұру керек. Үшінші китті жұмыс алгоритміне арнаймыз», - деді Арман Евниев.

Семинар бес күн бойы жалғасады. Осы уақыт аралығында Елордадан келген жаттықтырушылар аудандарды аралап әкімдердің жұмысымен тікелей танысады. Тәжірибе жүзінде ақыл-кеңестер береді.

Өзгелердің жаңалығы