Әкім: Ақмоладағы 130 кәсіпорын елордаға үнемі өнім жеткізіп отырады

8 Маусым 2023, 15:57
549
Бөлісу:
Әкім: Ақмоладағы 130 кәсіпорын елордаға үнемі өнім жеткізіп отырады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ақмола облысындағы 130 кәсіпорын елордаға үнемі өнім жеткізіп отырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен өңірдің 130 кәсіпорны айналысады, олар өз өнімдерін астананың Магнум, Астықжан, Смол сияқты 44 ірі сауда нүктелеріне және Еуразия, Әлем, Шапағат базарларына жеткізеді, - деді өңір басшысы.

Айтуынша, 2026 жылға дейін облыста 306 млрд теңгеге 92 маңызды инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Биыл 53,1 млрд теңгеге 28 жобаны іске асыру жоспарда бар. Сондай-ақ осы жылы 2,5 мың бас етті ірі қара мал сатып алынатын 46 еттік ферма және 4 мың бас ірі қара малға арналған 11 сүт-тауарлық фермасы құрылады. Жалпы, облыста іске асырылып жатқан жобалар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады, - деді Ермек Маржықпаев.

Белгілі болғандай, жыл басынан бері өңірдегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5,5%-ға өсіп, 114 млрд теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы