Әкім: 2050 жылға қарай Ақтөбе халқының саны артады

17 Ақпан 2023, 12:53
1297
Бөлісу:
Әкім: 2050 жылға қарай Ақтөбе халқының саны артады
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов бүгін Сенатта өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Айтуынша, өзі басқаратын облыстың өңірлік экономикасына жыл сайынғы демографиялық үрдістердің оң динамикасы әсер етеді.

Еңбек министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту республикалық орталығының деректері бойынша 2050 жылға қарай облыс халқының өсімі 31 пайыздан 45 пайызға дейін, яғни 1 млн 336 мың адамға дейін артады деп болжануда, - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар әкім ауылдарда сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылданып жатқанына тоқталды. 

Биыл облыстың 3 ауданында (Хромтау, Мұғалжар және Шалқар аудандары) көп бейінді ауданаралық ауруханалар салу жоспарлануда. «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында екі жыл ішінде 20 мың халқы бар. 29 ауылда заманауи жабдықталған денсаулық сақтау нысандары салынады. Сонымен қатар бүгінде ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында өңірде телемедициналық жобасы тиімді жұмыс жасауда. Былтырың өзінде дұрыс диагноз қою бойынша 
900-ден астам телемедициналық кеңестер өткізілді, - деді өңір басшысы. 

Сондай-ақ телемедицинаны кеңінен енгізуге «Фельдшер сөмкесі» жобасын іске асыру қолға алынған. 

Бұл арнайы планшеттен және 8 түрлі анализатордан тұратын портативті медициналық жабдық. Ол пациенттің орналасқан жері бойынша зерттеулер жүргізуге, деректерді қашықтықтан білікті дәрігерлерге жіберіп, қажетті диагноз қоюға мүмкіндік береді, - деді әкім. 

Өзгелердің жаңалығы