Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әке мен бала бір-біріне қаншалықты сенеді

13 Маусым 2025, 10:54
988
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстанда маусым айының әр үшінші жексенбісінде Әкелер күні аталып өтеді. Осыған орай Астанада "Әке.Отбасы.Қоғам" X Республикалық әкелер форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға қатысқан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов әкелерді атаулы күнмен құттықтап, форумның рөлін атап өтті.

Әкелер форумы - қоғамымыздың іргетасы саналатын отбасты құндылықтарды дәріптеуге, әке рөлінің маңызын кеңінен насихаттауға арналған алаң, - деді ол.

Жиынға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден астам әке қатысып жатыр. Олардың арасында Әкелер одағының мүшелері, білім бөлімі өкілдері, белсенді әкелер бар.

Бүгінде жауапты ата-ана болуды насихаттау, оның ішінде әкелердің бала тәрбиесіне араласуы - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі жыл сайынғы Әкелер форумдары мен Әкелер апталығын өткізу жақсы дәстүрге айналды. 2023 жылдан бері Әкелер күні ресми аталып өтеді. Айта кетерлігі, 7-ші Республикалық форум қатысушыларының бастамасымен бүгінгі мереке – Әкелер күні – елімізде ресми түрде бекітілді. Бұл форумның жай ғана пікірталас алаңы емес, маңызды идеялар, жаңашылдықтар мен нақты ұсыныстар айтылатын тиімді алаң екендігінің айқын көрсеткіші, - деп айтты Айбек Сыдықов.

Әке мен бала бір-біріне қаншалықты сенеді

Әкелер институтын қолдау мақсатында жыл сайын 7 мыңнан астам іс-шара өткізіледі.

Әкелер институтының дамуы өз жемісін беріп келеді. Әлеуметтік зерттеулердің сауалнама нәтижесі бойынша, бүгінгі таңда әке мен бала арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан әлдеқайда сенімді бола түскені аталып өтті. Министрлігіміз отбасылық тәрбиеге, әсіресе әкелердің рөлін нығайтуға бағытталған кез келген игі бастаманы қолдауға дайын. Баршаңызды қоғамдағы әке рөлін арттыру жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын. Әкенің беделі – ұлттың келбеті. Сол себепті әрбір әке – ел болашағына жауапты тұлға, - деп атап өтті Мәдениет вице-министрі форумда сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың отырысындағы мемлекеттің ең басты байлығы – адам, яғни азаматтар. Бұл – анық нәрсе. Десек те, ата-аналар баланы, ең алдымен, мемлекет, Үкімет не қоғам үшін емес, өзі үшін дүниеге әкеледі. Әрбір ата-ана саналы ұрпақ өсіруге баса мән беруге тиіс деп атап өткен болатын.

Форум Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы