Академик АШМ-ның жаңа басшысына ұлттық стратегия құруды ұсынды

11 Шілде 2021, 19:59
2434
Бөлісу:
Академик АШМ-ның жаңа басшысына ұлттық стратегия құруды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Академик Төлеутай Рахымбеков кеше ғана Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Асқар Қарашөкеевке әлеуметтік желі арқылы ұсыныс білдірді. 

Ол Facebook желісіндегі парақшасында елімізде 2050 жылға дейінгі кезең үшін ұлттық агроөнеркәсіп кешені мен ауыл аумағын дамыту стратегиясын жасау қажеттігін айтты.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-ағарту орталығын» басқаратын Рахымбеков ұлттық стратегияны әзірлеуді Стратегиялық жоспарлау агенттігіне тапсырған жөн деп есептейтін көрінеді.

Осылайша, ауыл шаруашылық саласында орын алған өзекті мәселелерді шешуге жол ашылады деп отыр.

Осы тұрғыда көмекқаржыны шаруалар үшін 2-4% жылдық мөлшерлемемен беруге бағыттаған абзал. Себебі жанармайдан бастап, егілетін дәнді дақылдардың кететін шығындарды есептей беріңіз. Германия, Израиль, Швеция, Қытай, Жапония елдерінің тәжірибесін назарға алу керек. Мәселен, Израильдің ауыл шаруашылық саласы инновация мен кооперация сыныд екі бағытпен құрылған. Ғылымды қамтуға 1,5-2 жыл уақыт кетеді, - деп жазды академик Рахымбеков.

Ол ауыл шаруашылығының ведомствосына ауыл аумақтарын дамыту комитетін қайта қайтаруды ұсынды. Сонымен қатар, елімізге Канада, Аустралия сынды агроиндустриалдық державаға айналу үшін ұялудың қажеті жоқ. Ауыл тұрғындарына еңбек жағдайын жасау арқылы ел экономикасын көтеруге болады дейді.

Өзгелердің жаңалығы