«Ақ жол» партиясы байқаушыларға арналған онлайн шара өткізді

13 Желтоқсан 2020, 15:44
1625
Бөлісу:
«Ақ жол» партиясы байқаушыларға арналған онлайн шара өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара барысында партия өкілдері қолданыстағы заңнама нормалары туралы айтып берді.

Шараға қатысушылар сонымен бірге сенім білдірілген тұлғалар мен байқаушыларды тіркеу тәртібі туралы, сенім білдірілген тұлғаға қойылатын негізгі талаптар туралы ақпарат алды.

Сенім білдірілген тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс және мемлекеттік қызметші бола алмайды.

Заңгерлер өңірлердегі партия мүшелерін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы