АИТВ жұқтырғандарға қанша теңге әлеуметтік көмек төленетіні белгілі болды

27 Қараша 2021, 18:25
1020
Бөлісу:
АИТВ жұқтырғандарға қанша теңге әлеуметтік көмек төленетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов хабарлады. Оның айтуынша, қауіпті індетті жұқтырғандарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында АИТВ-мен өмір сүретін адамдар тоқсан сайын әлеуметтік көмекті ең төменгі есептік көрсеткіш 5 АЕК, яғни 14 585 теңге мөлшерінде алады. Сондай-ақ 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне 2,5 АЕК – 7 292 теңге АЕК мөлшерінде алады. Сонымен қатар 2020 жылдың қазан айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары туралы» шешімімен 18 жасқа дейінгі АИТВ жұқтырған балаларға 25 АЕК, яғни 72925 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек беріле бастады, - деп атап өтті Сәбит Әбдірайымов.

Сонымен қатар пандемия кезінде ҮЕҰ белсенділігінің арқасында пациенттер мен халықтың негізгі топтарынан 400-ден астам отбасы азық-түлік пакеттері мен киім жиынтықтары таратылыпты.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бір күнге де тоқтаған жоқ. ҮЕҰ әлеуметтік қызметкерлері науқастарға дәрі-дәрмектерді тасымалдап, жәрдемақыларды, жоғалған құжаттарды рәсімдеу сынды көмектерді ұсынды, - деді орталықтың басшысы.

Өзгелердің жаңалығы