Air Arabia әуе компаниясы 700 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді

23 Ақпан 2023, 11:19
746
Бөлісу:
Air Arabia әуе компаниясы 700 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді
Фото: Tengrinews.kz

Air Arabia әуекомпаниясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азаматтық авиация комитеті қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушыларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының рейс кешігуі жағдайында жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.


Мәселен, Алматы-Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбауға байланысты ағымдағы жылдың 13 ақпанында Air Arabia әуекомпаниясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды, - делінген ведомство хабарламасында.


Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын ұстанатынын және авиатасымалдаушылар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шараларды қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы