Балаева дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

20 Маусым 2020, 11:09
1707
Бөлісу:
Балаева дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бүгін медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап қана қоймай, олардың күн сайын өмірін қатерге тігіп, адамдардың өмірін құтқарып жатқанына бас иемін. Корнонавирус пандемиясына байланысты елдегі жағдай күрделі, алғы шепте жүрген жүздеген медицина қызметкерлері вирус жұқтырды, дегенмен олардың әріптестері өз жұмыстарын батыл орындап жатыр, - деп жазды facebook-тегі парақшасында Аида Балаева. 
Сонымен қатар, ол барлық медицина қызметкері, дәрігерден бастап санитар, жүргізушілерге дейін үлкен алғысқа лайықты екенін айтты.
Олар бірнеше айдан бері ауыр режимде жұмыс істеп жатыр. Көпшілігіміздің қорғаушы періштемізге айналған ақ халатты абзал жандар біздің өміріміз үшін әлі қанша күресері белгісіз. Қазақстандықтарды медицина қызметкерлерінің атқарып жатқан ерен еңбегіне қолдау білдіріп, әр адам өз денсаулығына мұқият болса, дәрігерлерге жасалған үлкен көмек болар еді, - деп жазды министр.

Өзгелердің жаңалығы