Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда 237 инвестициялық жоба іске асырылады - Қарашөкеев

15 Шілде 2022, 15:30
1088
Бөлісу:
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда 237 инвестициялық жоба іске асырылады - Қарашөкеев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР  Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бүгінгі үкімет отырысында импортты алмастыру мәселесі кешенді түрде шешілетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 295 млрд теңге сомасына 237 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде импортталатын позициялардың 6 түрі бойынша 128,5 млрд теңге сомасына 81 жоба іске асырылады.

Бұл үшін осы жобаларға жеңілдетілген кредит беру, субсидиялау, жер ресурстары мен инфрақұрылымды беру қамтамасыз етіледі. Елді қантпен қамтамасыз ету мақсатында жаңа суармалы жерлерді енгізу, су үнемдейтін суару технологияларын енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту қолға алынады. Сондай-ақ қант қызылшасын өңдейтін қолда бар қуаттарды техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру және қант зауыттарын салу мен жаңғырту есебінен қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейту арқылы шикізат базасын ұлғайтуды көздейтін кешенді жоспар әзірленеді. Тиісінше, қант саласын мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары күшейтіледі, - деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ ол ақ қант импортының және құрақ қанты шикізатының өңдеу көлемдерін ұлғайту бойынша шаралар қабылданатынын айтты.
 

Өзгелердің жаңалығы