Аграрлық сектор саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту үшін 2025 жылы Аграрлық несие корпорациясы (АНК) және ҚазАгроҚаржы арқылы шамамен 1,5 трлн теңге қаражат бағытталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаражат көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын жүргізуге, инвестициялық жобаларды іске асыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне беріледі.
Жобаларды несиелендіру кезінде келесідей бағыттарға басымдық жасалады:
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне басымдық) Суару жүйесін дамыту (жаңбырлату қондырғылары, суару құрылыстары, тамшылатып суару) Өнеркәсіптік жылыжайлар (көкөніс бағасының маусымдық ауытқуының төмендеуі) Инфрақұрылымды дамыту (орау, сақтау, тасымалдау) Өнеркәсіптік ауқымда жемшөп өндірісін дамыту. Инвестициялық жобаларды несиелендіру АӨК инвестицияларын ұлғайту, азық-түлік инфляциясының импортын азайту үшін ішкі өндірісті дамыту және ішкі нарықты отандық өніммен тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттық әлеуетті іске асыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталмақ.
Жобаларды қамтуды ұлғайту үшін АНК арқылы жобаларды несиелендіру лимиттері 7 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін артады. Сондай-ақ Бәйтеректің Кепілдік қорының, Дамудың кепілдерін Аграрлық несие корпорациясының ұзақ мерзімді ірі жобаларына қолдану кеңейтіледі, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын қолдауға арналған мандаты күшейтіледі.
ҚазАгроҚаржы лизингтік бағдарламалары шеңберінде отандық ауыл шаруашылығы техникасына басым түрде қолдау көрсетіледі. Бұл фермерлерді қолдаудың осы шарасының өнеркәсіптік кәсіпорындарға мультипликативтік әсерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «Бәйтерек» холдингі құс фабрикаларының пулын қалыптастырып, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экспорттық мүмкіндігін арттыруды жалғастырады. Малайзиямен жаңа өткізу нарықтарын игеру, сондай-ақ астық экспортын $200 млн-ға дейін ұлғайтатын жаңа сауда қорын құру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ұзақ мерзімді перспективада аталған көрсеткішті $1 млрд-қа дейін арттыру жоспарлануда.
Экспортты кеңейту және жаңа нарықтар Экспорттық стратегия шеңберінде отандық өндірушілер үшін сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдік құралдары кеңейтілуде. Жаңа нарықтарға шығу және қазақстандық экспорт үшін кешенді шешімдер ұсыну маңызды міндет болып отыр. Осыған байланысты, Бәйтерек сауда қорын іске қосып, құс шаруашылығы кәсіпорындары мен өсімдік шаруашылығын дамытуды қосқанда, экспортқа бағдарланған жобалар пулын қалыптастырады.
Экспорттың негізгі бағыттары:
• Экспорттық арналарды кеңейту үшін өсімдік шаруашылығы өнімдерінің (дәнді, майлы және бұршақ дақылдары) ірі өндірушілері мен трейдерлерін шоғырландыру. • Тұрақты экспорттық жеткізу тізбегін құру және экспорт географиясын кеңейту (ҚХР, Орталық Азия, ЕО). • Баға белгілеудегі алыпсатарлық факторлардың төмендеуі және нарықты тұрақтандыру. • Ірі шетелдік сатып алушылармен әріптестік (COFCO және басқалар). • Инвестициялық қолдау және сауда қызметіне жеке секторды тарту. • Көлік-логистикалық қызметтер бойынша агроөндірушілер үшін жағдайды жақсарту. • Келешекте – қорды Food Security Fund-қа КОВА және Таяу Шығыс елдерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеңірек мандатпен трансформациялау.
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) арқылы экспортты қолдау құралдарына келесілер кіреді:
• кепілдіктер,
• қайта сақтандыру,
• композиттік қызметтер.
Бұл шаралар қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға шығаруға және отандық өндірушілердің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. ЭКА екінші деңгейлі банктермен де, «Бәйтерек» тобы ішіндегі басқа қаржы институттарымен де жұмыс істейді. Бұл ретте қолдау құралдары бизнестің локализациялау, индустрияландыру және инвесторларды тарту жөніндегі міндеттемелеріне айырбас ретінде ұсынылады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту
Моноқалаларда, шағын қалаларда және облыс орталықтарында тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды іске асыру жұмыстың маңызды бағыты болады. Бұл халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар кадрлардың жергілікті жерде тұрақтап қалуын ынталандырады. Әсіресе, ол биылғы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында маңызды. 2025 жылы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтар: өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары мамандықтарына бағытталған «Наурыз жұмыскер» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.
.jpg)
Бағдарламаның негізгі параметрлері:
• 72 млрд теңге сомасына 2 440 қарыз; • Өтінімдерді қабылдауды бастау – 2025 жылғы 17 наурыз; • Жеңілдетілген ипотекаға қол жеткізуді кеңейте отырып, «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын «Наурыз» бағдарламасына енгізу. Бәйтерек холдингі жергілікті әріптестерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды, оның ішінде «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ тетіктері арқылы іске асыруға белсенді түрде тартуда.
Бірлескен жобалар тұрғын үй мәселелерін шешіп қана қоймай, өңірлерде білікті кадрлардың тұрақтап қалуына көмектеседі. Бұл бастамалар экономиканың теңгерімді дамуын және Қазақстанның стратегиялық басымдықтарына сәйкес келетін тұрақты қаржы жүйесін құруды қамтамасыз етеді.