Аграрлық комитет Маңғыстау облысына барды

26 Мамыр 2023, 17:50
674
Бөлісу:
Аграрлық комитет Маңғыстау облысына барды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаторлар сапар аясында «Ауылдық жерлерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді және бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Комитет Төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде маңызды экономикалық және әлеуметтік процестер негізінен өңірлерде болып жатқанын атап өтті. Олардың кешенді дамуынсыз бүкіл еліміздің дамуын жаңа деңгейге көтеру мүмкін емес.

Бүгінгі дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – салалардағы өзекті мәселелерді ашық талқылау ғана емес, оларды шешу жолдарын да қарастыру болып отыр. Сіздер көтерген маңызды мәселелер аясында ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ететін нақты ұсыныстар айтылды. Біздің Президентіміз алға қойған міндеттерді одан әрі тиімді жүзеге асыратын боламыз. Біздің басты мақсатымыз – егемен елімізді одан әрі дамыту және халықтың әл – ауқатын арттыру, - деді Әли Бектаев.

Шараға Сенат депутаттары, Маңғыстау облысы әкімдігінің басшылығы, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары, кәсіпкерлер мен сарапшылар да қатысты.

Көшпелі отырыс жұмысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін Үкіметке жіберілетін ұсынымдар әзірленді.

Өзгелердің жаңалығы