Агенттік басшысы: Қазақтілді контент ақша жинау мен ұтыс ойнатуға ғана жарап тұр

19 Желтоқсан 2022, 17:12
1110
Бөлісу:
Агенттік басшысы:  Қазақтілді контент ақша жинау мен ұтыс ойнатуға ғана жарап тұр

Блогер болуды неден бастау қажет? Geo Qamalladin блогерлік агенттіктің негізін қалаушысы Абылайхан Камалдин түсіндірді,  деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Блогер болам десеңіз ең алдымен - адал жұмыс істеңіз. Яғни, казино, букмекелерлік кеңселерді жарнамалап,  ешқандай құжатсыз конкурстарды ұйымдастырмаңыз. Біздің қазіргі блогерлердің контенттеріне қарасақ, бәрі біреуге ақша жинайды немесе біреуден бір нәрсе ұтқысы келеді. Ол еш білім бермейтін контенттер. Тек қана уақытын алады, - деді Камалдин.

Оның айтуына қарағанда, қазақ тілінің қолданысы кеңеюі үшін әр саланың білікті блогерлері  болуы керек.

Әлемде күн сайын әртүрлі технологиялар дамып келеді. Мәселен, күнделікті қолданыстағы Apple, Samsung команиялар айтсақ болады. Олар өзіне көбіне техноблогер іздейді. Қазақтілді техноблог түсіретіндер аз. 

 

Негізінен, елімізде әлеуметтік желілерде отыратындардың 82 пайызы қазақ тілде сөйлейтін халық. Сол үшін де бізге мемлекеттік тілдегі контентті әртүрлі бағытта көбейту керек, - деді спикер.

Айтуынша, қазақтілді контенттің дамыту үшін әртүрлі елдерден мысал алуға болады. Алайда, ағылшын тілін білген тиімді болмақ.

Қоғамда орыс тілінде әзірленген контенттің қазақшасын жасайтындар бар. Ал орыстілді блогерлер оны Батыс елдері мен АҚШ-тан алады. Дәл қазір бізге ағылшын тілінен қазақ тіліне бірден аудара алатын мамандар қажет. Сонда ғана қазақтілді контент өркендейді деп сенемін, - деді агенттіктің негізін қалаушы. 

Өзгелердің жаңалығы