Ағашты рұқсатсыз кесумен айналысқан компанияға айыппұл салынды

28 Шілде 2020, 18:05
1600
Бөлісу:
Ағашты рұқсатсыз кесумен айналысқан компанияға айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы тұрғындарға табиғатты ластағаны үшін айыппұл салады. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоршаған ортаны қорғау және оның ластануын болдырмау мақсатында қазіргі уақытта қала аумағында экологиялық заңнаманы бұзушылардың әрекеттерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Таза Қазақстан" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 

Соңғы кездері жеке азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің экологиялық мәдениеті төмен болғандықтан, өз әрекеттерімен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзатын, осылайша, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретін жағдайлар жиілеп кетті. Жақында рейдтік шара кезінде Алмалы ауданының экологиялық полициясы көпқабатты үйлердің аулаларының бірінде абаттандыру ережелерін, жасыл алаңдарды күтіп ұстау және қорғау ережелерін өрескел бұзғанын анықтады. Мердігер аулада жөндеу жұмыстарын жүргізді, заң нормаларын сақтамай, рұқсатсыз ағаштарды кесумен айналысты, сонымен қатар, қолданыстағы заңнамада рұқсат етілмеген құрылыс қалдықтарын жасыл алаңда сақтады. Осы учаскедегі жөндеу жұмыстарына қатысқан мердігерлер ҚР ӘҚбК-нің 386 және 505-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров. 

Қала аумағында рейдтік іс-шаралар жалғасуда, осыған байланысты Полиция департаменті қала аумағында және оның шетінде рұқсатсыз қоқыс тастаудың алдын алу туралы ескертеді және азаматтарды ҚР экологиялық заңнамасын сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы