Африканың бес елінде маймыл шешегінен 70-ке жуық адам көз жұмды

4 Маусым 2022, 06:32
1291
Бөлісу:
Африканың бес елінде маймыл шешегінен 70-ке жуық адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жыл басынан бергі көрсеткіш. Қазір әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар саны 550 адамнан асты. Ауру анықталған елдер қатары 30-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар маймыл шешегін бірден анықтау қиынға түсіп отырғанын айтады. Жыл басынан бері Африканың 5 елінде аталған аурудан 70-ке жуық адам көз жұмған. Маймыл шешегі кең тараған Нигерияда жабайы жануарлардың етін саудалауға тыйым салынды. Бұл елде маймыл, жылан мен егеуқұйрықтың етінен жасалған тағам деликатес болып саналады. Зообақ қызметкерлері жануарларға адамдардың жақындамауын қадағалау керек.

Ал Германияда індеттің тез тарауына нақты не себеп болғанын анықтау мәселесі ғалымдардың бас ауруына айналды, Таяуда денсаулық сақтау саласының сарапшылары маймыл шешегі мен өзге де инфекциялық аурулар жануарларға медициналық қалдықтар арқылы да жұғуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Өйткені дұрыс утилизацияланбаған медициналық құрал-жабдықтарда кеміргіш жануарлар жүреді. Сондықтан мамандар биоқауіпсіздікке аса мән беру керек дейді.

Өзгелердің жаңалығы