Африкадан Үндістанға гепардтар жіберіледі

13 Қыркүйек 2022, 19:58
946
Бөлісу:
Африкадан Үндістанға гепардтар жіберіледі

Африкалық гепардтар Үндістанға жөнелтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Euronews таратқан мәліметке сәйкес, гепардтар арнайы жоба бойынша жабайы мысықтардың популяциясын қалпына келтіру үшін жіберіледі. 

Гепардтың азиялық түрі тек Иранда ғана сақталған. Бұрын олар Палестинадан Қазақстанға дейін мекендеген. Үндістанда ол 1940 жылдары аңшылық, урбандалу мен қоректік базаның жоғалып кетуі салдарынан жоғалып кеткен. 

Үндістандағы популяцияның генетикалық өміршеңдігі үшін кем дегенде 500 дарақ қажет. Сондықтан жыл сайын 8-ден 12 жануарға дейін жіберіп отырамыз. Популяцияның өміршеңдігі қалыптасқанға дейін олардың санын, генетикалық сан алуандығын толықтырамыз, - деп атап өтті жоба менеджері Винсент ван дер Мерве. 

2010 жылдары ОАР гепардтар саны көбейе бастаған. Сондықтан ел билігі мен экологтары Үндістанға көмектесуге келіскен. Гепардтар саны әлемде жоғалып бара жатыр: жабайы табиғатта 7 мыңнан астам дарақ қана қалған.

Өзгелердің жаңалығы