Африкада содырлар 138 ауыл тұрғынын өлтірді

6 Маусым 2021, 12:12
2623
Бөлісу:
Африкада содырлар 138 ауыл тұрғынын өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Буркина-Фасоның Солхан ауылына белгісіз қарулы топ шабуыл жасап, 138 адамды өлтірді. Осыған байланысты, Африка билігі елде үш күнді қаралы деп жариялады, деп жазды Хабар24.

Құрбандар арасында 7 бала бар. Тағы ондаған тұрғын жарақат алған. Содырлар үйлер мен базарды өртеген. Сарапшылар кісі өлімі бойынша бұл ел тарихындағы ең қанды қырғындардың бірі деп бағалады. Әзірге шабуылды ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. 

Коронавирусқа қарсы вакцина бар. Одан құтыла аламыз. Ал терроризммен қалай күреспекпіз? Лаңкестіктен құтылатын жол жоқ, - дейді жергілікті тұрғын Виргиние Каборе.


Өзгелердің жаңалығы