Африкада қазақ мәдениеті таныстырылды

25 Қараша 2023, 15:33
655
Бөлісу:
Африкада қазақ мәдениеті таныстырылды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігі, Африка Одағы жанындағы Тұрақты Өкілдігі жыл сайынғы Халықаралық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Африканың дипломатиялық астанасында өткен іс-шараға Аддис-Абебада тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, Эфиопияның ірі кәсіпорындары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Жәрмеңкені Эфиопиядағы дипломаттардың жұбайлары қауымдастығы ұйымдастырды.

Жәрмеңкеге қатысушылар Қазақстан Елшілігі қызметкерлерінің жұбайлары дайындаған қазақ тағамдарының дәмін татты. Торттар, қазақстандық шоколад, сондай-ақ ашық отта дайындалған палау үлкен сұранысқа ие болды.

Ұлттық нақышта безендірілген қазақ киіз үйі қазақстандық стендтің жарқын элементі болды. Келушілер ұлттық рәміздері бар киімдерді – тақия, шапан, камзол, сөмке, корсеттерді және т.б. сатып ала алды. Бірқатар келушілер киіз үйді мұқият зерттеп, қазақтың ұлттық киімдерімен түрлі-түсті фотосуреттер түсіруге асықты.

Сонымен қатар, концерттік бағдарлама аясында Қазақстан Елшілігі қызметкерлерінің балалары көрермендерге арнап «қазақ биі» және «қара жорға» халық билерін орындады.

Жәрмеңке ұйымдастырушыларының пікірінше, Қазақстан Африкада Орталық Азия халықтарының мәдениеті мен тағамдарын ұсына отырып, әлемнің осы бөлігінде танымалдылығы арта түсуде. Қазақ киіз үйі көптеген келушілерді тарта отырып, олардың көпшілігі ЮНЕСКО-ның материалдық мұра тізіміне енген түркі көшпенділерінің тұрғын үйін алғаш рет көрді.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша жиналған барлық қаражат Эфиопияның қайырымдылық ұйымдарына жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы