Африка елдерін азық-түлік тапшылығы жайлады

21 Маусым 2022, 09:12
2122
Бөлісу:
Африка елдерін азық-түлік тапшылығы жайлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Африканың Эфиопия, Сомали мен Кения елдерінде қуаңшылықтан 18 млн адам зардап шекті. Табиғат апатынан аймақта азық-түлік дағдарысы ушығып тұр, деп жазды Хабар24.

Ашқұрсақ жүрген халық елін тастап босып кетті. БҰҰ мәліметінше кейінгі онжылдықта Шығыс Африкада шетел асқан келімсектер саны 2 миллионнан 5 миллионға дейін артқан. Былтыр 300 мың адамға көбейген. Африканың көптеген елі азық-түлік импортына тәуелді. 

Қазір әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты алыс-беріс пен барыс-келіс тұралап тұр. Украинадағы соғыс басталғалы аймаққа тыңайтқыш, май мен дәнді дақылдардың жеткізілуі қиындап кетті. Салдарынан баға өсіп инфляция шарықтады. 

Климаттық дағдарыстан кей өңірлерде өмір сүру мүмкін емес. Халық тамақ пен ауыз су іздеп өзге елдің есігін қағып босып жүр. Азық-түлік тапшылығы мәселесінің өзектілігі жыл өткен сайын ушығып барады. Биыл Украина мен Ресей арасындағы текетірес жағдайды одан бетер қиындатып жіберді, - деді профессор Мачариа Мунене.

Өзгелердің жаңалығы