Африка екіге бөлініп, жаңа мұхит пайда болуы мүмкін

11 Наурыз 2023, 12:38
1275
Бөлісу:
Африка екіге бөлініп, жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Фото: newtimes.co.rw

Ауқымы жағынан Еуразиядан кейінгі екінші құрлық саналатын Африка екіге бөлініп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ The New Times-қа сілтеме жасап. 

Ғалымдар соның салдарынан жаңа мұхит пайда болуы мүмкіндігін айтуда. 

Geophysical Research Letters журналында жарияланған ғылыми зерттеуде екіге бөліну сейсмикалық деректермен сәйкеседі. Сондай-ақ оған мұхиттың түбінде орын алған процестер себеп болған. 

Найроби университеті ғылым және технология факультетінің докторы Эдвин Диндидің айтуынша, африкалық рифт жүйесінің шығыс тармағында мұхит түзілу ықтималдылығы жоғары.

Рифт жүйесінің шығыс тармағы айтарлықтай белсенді. Бұл оның маңында орын алған көптеген дүмпуден-ақ көрініп тұр. Алайда ондай жағдай орын алу үшін көп уақыт қажет, - деп түсіндірді Эдвин Динди. 

Басқа геологтар да бұл миллиондаған жылға жалғасатын өте ұзақ процесс екендігін растады. 

Алайда болашақта Шығыс Африка құрлықтың қалған бөлігінен бөлініп, жаңа үлкен мұхиттың пайда болуы ғажап емес.

Өзгелердің жаңалығы