Афины туристерден шаршады: Билік шектеу енгізбек

2025 жылы қалаға рекордтық 8 млн адам келген.

 unsplash.com Бүгiн 2026, 08:49
Бүгiн 2026, 08:49
144
Фото: unsplash.com

Грекия астанасы Афинада туристер ағынына қатысты алаңдаушылық күшейіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылы қалаға рекордтық 8 млн адам келген. Әсіресе билік Плака ауданындағы бақылаусыз туристер легіне алаңдаулы. Бұл — Афины қаласының ең көне бөлігі, Акрополь маңында орналасқан.

Қала әкімі Харис Дукас туристерді қабылдау үшін инфрақұрылымды үнемі кеңейтуге тура келетінін айтты. Атап айтқанда, электр, су жүйелері мен жаңа дренаж және 5G желілері салынып жатыр. Алайда билік бұл өзгерістер ауданның тарихи келбетін жоғалтуы мүмкін деп қауіптенеді.

Афины алып қонақүй сияқты жұмыс істей алмайды. Шектеулер қажет, – деді қала басшысы.

Ол Плака ауданында жаңа қонақүйлер салуға рұқсат беруді тоқтатуды ұсынып отыр. Әкімнің айтуынша, бұл аймақ туристік нысандармен шамадан тыс толып кеткен.

Наверх