АЭС-тің қауіпсіздігі туралы не білеміз

3 Қазан 2024, 16:01
464
Бөлісу:
АЭС-тің қауіпсіздігі туралы не білеміз
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазіргі АЭС алдыңғы буындарға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз. Көп деңгейлі қауіпсіздік жүйелері, қатаң халықаралық стандарттар және озық технологиялар апат қаупін барынша азайтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа буын реакторларын пайдаланған кезде 10 миллион жыл жұмыс істегенде бір ғана апат болуы мүмкін. Сондықтан Чернобыль апатының қайталану ықтималдығы өте төмен.

Алдын ала бағалау Балқаш көлінің экожүйесіне қауіп төндірмейтінін көрсетіп отыр. Қазіргі  АЭС-те радиоактивті заттардың қоршаған ортаға таралуын болдырмайтын оқшаулау қабығы бар.

Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шаралары, соның ішінде лаңкестікке қарсы шаралар күшейтілді. АЭС қарулы күзетпен қорғалған, аумаққа кіру қатаң бақылауға алынған.

Кадрларды қатаң іріктеу және оқыту, сондай-ақ автоматтандыру жүйелері қателердің ықтималдығын азайтады. АЭС операторлары тұрақты оқыту мен сертификаттаудан өтеді, ал автоматтандырылған жүйелер маңызды процестерді басқарады.

Өзгелердің жаңалығы