АЭС құрылысы Балқаш көліне әсер ете ме

20 Тамыз 2024, 10:22
508
Бөлісу:
АЭС құрылысы Балқаш көліне әсер ете ме
PHOTO
Фото: автордан

АЭС салу тақырыбын жария талқылауда Ұлттық ядролық орталықтың директоры Эрлан Батырбеков АЭС құрылысының Балқаш көліне қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Эрлан Батырбековтің сөзінше, әлем бойынша АЭС-те болған апаттардан кейін ғылыми қауымдастық жұмыс әдісіне қайта қарауды қолға алған.

АЭС құрылысы Балқаш көліне әсер ете ме

Ең басты мәселе - қауіпсіздік. Барлық жағдай мен апаттың салдары ескеріліп, қарастырылды. Бүгін әзірленіп жатқан реакторлар болашақтың реакторы. Қазақстанда салынуы мүмкін реакторлардың 3+ түрінде белсенді және баяу қауіпсіздік бар. Олар бір-бірін толықтырып отырады, - дейді сарапшы.

Эрлан Батырбековтің айтуынша, үшінші ұрпақ қазіргі заманғы талаптарға сай.

АЭС құрылысы Балқаш көліне әсер ете ме

Ол реактор Балқаш көліне әсер етпейді. Су тек конденсат үшін қолданылады. Балқаш көлінен сол үшін су пайдаланылады. 1950-1960 жылдары салынған алғашқы атом электр станцияларында ең аз қауіпсіздік жүйесі болған, - дейді сарапшы.

АЭС құрылысы Балқаш көліне әсер ете ме

Сөзінше, бұл реакторлардың міндеті атом энергиясын электр энергиясына айналдырудың негізгі мүмкіндігін көрсету болды. Екінші буын станцияларының қауіпсіздік жүйесі – 1970-1980 жылдар.

АЭС құрылысы Балқаш көліне әсер ете ме

Еске сала кетейік, осыған дейін Гүлмира Мұрсалова жалпы талқылауда АЭС салудың қажеттілігі мен маңызы жайлы түсіндірді. Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы