Адвокат Нүкеноваға жасалған сараптама нәтижесін оқыды

4 Сәуір 2024, 14:30
3504
Бөлісу:
Адвокат Нүкеноваға жасалған сараптама нәтижесін оқыды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Бишімбаевтың сот отырысында адвокат Жанна Оразбақова марқұм Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптама қорытындысын оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сараптама нәтижесінде Салтанат Нүкенованың денесінен бас сүйек-ми жарақаты, бетінде көптеген жара мен қан анықталды. Мұрны сынған, мұрнының айналасындағы терісіне қан құйылған, бас терісіне қан құйылып, субдуральды гематома тіркелді, — деді сараптаманы оқыған жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова.

Оразбақованың сөзінше, жоғарыда сипатталған бүкіл дене жарақаты қатты заттың әсерінен болған. Ол жедел медициналық көмекке жүгінгенде Нүкенованың тірі қалу мүмкіндігі болар еді дейді.

Бұған дейін сотта Нүкенованың хаты оқылды.

Өзгелердің жаңалығы