Бишімбаевтың қорғаушысы Назкен Құсайынова экс-министрдің Нүкенованы неге видеоға түсіргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сіздер видеоны көрдіңіздер. Бишімбаев оны неге түсіргенін түсіндірді. Шын мәнінде, Бишімбаев мұндай жағдай неге жеткізетінін көрсеткісі келді. Ендігәрі олай істемейік деу үшін түсірілді. Егер оның ойында оны (Нүкенованы) өлтіргісі келсе, видеоны не үшін түсіреді? Не үшін сіздерге көрсетілді? Алқа билер соты не үшін таңдалды?, - деді Назкен Құсайынова.
Бұған дейін бұл сұраққа сот процесінде Бишімбаев "өшімді алып, қорлағым келді" деп жауап берген еді.
Сіздер де мені түсініңіздер. Сіздің әйеліңіз киімін шешіп тастаған, Vip-те жалаңаш жүрсе, сені балағаттаса, мас күйінде сыйлықтардың бәрін лақтырса, бұл - жақсы қарым-қатынас па?, - деген еді Бишімбаев.
Сотталушының тағы бір қорғаушысы Бишімбаев пен Нүкенова арасында 3 рет жанжал болғанын айтты.