Әділов ұрланған қарудың қанша бөлігі қайтарылғанын айтты

16 Ақпан 2022, 21:28
1156
Бөлісу:
Әділов ұрланған қарудың қанша бөлігі қайтарылғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Ұрланған қаруды іздеу мен алу бойынша іс-шаралар жалғасуда. Бүгінгі таңда алынған қарудың жалпы саны 967 бірлікті және 19 мыңнан астам оқ-дәріні құрайды.Мысалы, Талдықорғанда 5 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерге беленді қатысқан, қалалық Полиция басқармасының ғимаратынан 7 Макаров тапаншасы мен 1 Калашников автоматын ұрлаған осы қаланың үш тұрғыны ұсталды, - деді ол.

Әділов атағандай, ұрланған қару алынды, күдікті адамдар сот санкциясымен қамауға аланды. 

Жамбыл облысында Тараз қаласының тұрғыны ұсталды, оның гаражында 4 автомат,    8 жарақаттайтын тапанша, 1 газды тапанша, олардың оқсалғыштары, 945 бірлік оқ-дәрі және суық қару табылып алынды.Қарудың 68 бірлігі еікті тапсырылды. Азаматтарды тауып алған қаруды ерікті тапсыруға тағы да шақырамын. Ол әкімшілік те қылмыстық та жауапкершілікті туындатпайды, - деді ол. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы