Әділбеков кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін бизнес өкілдерімен бірге талқылады

5 Қаңтар 2023, 21:51
776
Бөлісу:
Әділбеков кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін бизнес өкілдерімен бірге талқылады
PHOTO

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Әділбеков Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатор Ақкөл ауданында жаңадан салынған жылу қазандығының ғимаратында болды. Жергілікті мамандар қазандық пайдалануға берілгеннен кейін аудандағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды, сондай-ақ бірнеше көпқабатты үйлерді орталық жылу құбырына қосу мүмкіндігі пайда болғаны туралы айтты.

Әділбеков кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін бизнес өкілдерімен бірге талқылады

Дәурен Әділбеков сонымен қатар Көкшетау қаласында болып, бизнес өкілдерімен де кездесті. Қаптар мен полипропилен ыдыстарын өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысқан сенатор шығарылатын өнімнің халықаралық стандарттардың бәріне сай келетіні аса маңызды екенін атап өтті.

Әділбеков кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін бизнес өкілдерімен бірге талқылады

Кездесу барысында кәсіпорын бастан кешіп жатқан мәселелер туралы айтылды. Ол көбінесе дайын өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда сатудағы қиындықтарға қатысты болды. Дәурен Әділбеков өз кезегінде отандық бизнестің мүдделерін қорғау Сенат жұмысындағы басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Депутат осыған байланысты кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі шараларды зауыт басшылығымен бірлесе талқылап, осы мәселені назарда ұстайтыны туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы