Әдейі ерте қарап отырмыз. Смайылов су тасқынына дайындық туралы

8 Тамыз 2023, 10:46
734
Бөлісу:
Әдейі ерте қарап отырмыз. Смайылов су тасқынына дайындық туралы
Фото: Үкіметтің ресми сайты

Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін әдейі ерте бастан қарап отыр. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көктемге дейін әлі біраз уақыт бар. Дегенмен, барлық дайындық шараларын қыс түскенше аяқтау қажет. Су тасқыны қателіктерді кешірмейді. Орындалмай қалған жұмыстар мен бөлінбей қалған қаражаттың соңы төтенше жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Өздеріңіз көрдіңіздер, биылғы көктемде оңай болған жоқ. Оңтүстік және батыс өңірлерде су бұру каналдары мен арықтардың, ондағы елді мекендердің маңайында тасқыннан қорғайтын топырақ үйінділерінің болмауы жағдайды қиындатып жіберді, – деді ол.

Премьердің айтуынша, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында дренаждық жүйелер қатты жауын-шашынға төтеп бере алмады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында бұрыннан бар бөгеттер мен топырақ үйінділерін су шайып кетті. Соның салдарынан тұрғын үйлерге су жайылып, олар қирап қалды. Ал Қостанай облысының Шилі ауылында 2020 жылы ғана күрделі жөндеу жүргізілген платина қирап қалған. Сонымен қатар, кей жерде қарды уақытылы шығарып, арықтарды тазартып тұруға жете мән берілген жоқ, – деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы