Адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші полицияға өзі берілді

20 Қараша 2019, 18:33
2382
Бөлісу:
Адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші полицияға өзі берілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші полицияға өзі берілді. Бұл туралы Алматы облысы ПД-і хабарлады.

Қайғылы оқиға 18 қараша күні Алматы-Көкпек-Көктал автожолында Қазақстан ауылы маңында орын алған. Белгісіз көлік ауылдың 53 жастағы тұрғынын қағып өлтірген. Ал жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен.
Іздеу шаралары кезінде полицияға Бижанов ауылының 67 жастағы тұрғыны хабарласып, LADA Kalina автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлаған. Күдіктіге қатысты кінәсін мойындап келу айыбы рәсімделді. Оған тиесілі автокөлік сараптама жасау үшін алынды, - делінген хабарламада.
Бұл іске қатысты ҚР ҚК 345 бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы