Адам саудасының құрбаны болмас үшін нені білу қажет?

3 Сәуір 2023, 12:58
963
Бөлісу:
Адам саудасының құрбаны болмас үшін нені білу қажет?
Фото: inform.kz

Ішкі істер министрлігі адам саудасының құрбаны болмас үшін неден сақтану қажеттігін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның апталық баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Адам саудасының құрбаны болмас үшін қалай қорғану қажеттігі туралы бірқатар ұсыныстар бергім келеді. Оңай ақша табу туралы күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз. Жеке басын куәландыратын құжаттарды ешкімге бермеңіз. Басқа қалаға немесе елге барған кезде байланыс телефондарыңыз бен мекен жайларды туыстарыңыз бен жақындарыңызға қалдырыңыз. Жұртшылық егер олар осындай құқық бұзушылықтардың куәгері немесе куәсі болса, бей-жай қарамауды және жауап беруді сұраймыз, - деп түсіндірді департамент басшысы. 

Сондай-ақ адам саудасы туралы ақпаратты білген жағдайда, қайда хабарласу қажеттігін айтты.

Егер біреудің осындай жағдайға тап болғанын білсеңіз, дереу жақын жердегі полиция бөліміне, 102 нөміріне немесе «116 16» сенім телефонына хабарласыңыз. Сондай-ақ әрбір өңірде полициямен бірлесіп адам саудасының құрбандарына көмек көрсетуге дайын үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейтінін білу қажет, - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы