Адам саудасымен айналысқан шетел азаматы Нұр-Сұлтанда ұсталды

30 Қараша 2021, 20:45
1234
Бөлісу:
Адам саудасымен айналысқан шетел азаматы Нұр-Сұлтанда ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адам саудасымен айналысқан шетел азаматы Нұр-Сұлтанда ұсталды, деп хабарлайды Нұр-Cұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Елордалық полицейлер «Stop-трафик» жедел алдын алу шарасы аясында адам саудасы үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстаған.

Ол 2014 жылы Өзбекстаннан Қазақстан аумағына 6 азаматты алып шығып, жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызуға уәде берген.

Алматыға келген соң отандастарынан төлқұжатын алып, басқа адамға берген. 7 ай ішінде олар адам төзгісіз қиын жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болған.

Ер адам қамауға алынды, қазір оны Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Нұр-Сұлтан ПД адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашу мақсатында 22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы