Адам құқықтарын қорғау саласындағы ерікті міндеттемелер ұсынылды

12 Желтоқсан 2023, 19:03
506
Бөлісу:
Адам құқықтарын қорғау саласындағы ерікті міндеттемелер ұсынылды
Фото: BAQ.KZ

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова бастаған қазақстандық делегация БҰҰ-ның ағымдағы жылғы айтулы оқиғасы - Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысуда. Ол 10-13 желтоқсан аралығында Женевада өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конституциялық Соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, делегацияның мазмұнды бағдарламасында қазақстандық тараптың БҰҰ-ның екі күндік отырыстарына қатысатыны, сондай-ақ форум шеңберінде жекелеген шаралар мен екіжақты кездесулерге қатысатыны қарастырылған.

Бірінші күн аясында Э.Азимова БҰҰ-да Мемлекет басшысының 2022 жылғы адам құқықтары саласындағы реформаларына негізделген Қазақстанның ұлттық міндеттемелерін ұсынды. Осы орайда Қазақстан мына бес міндеттемеге баса назар аударды:

  • Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау арқылы балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін кеңейту мәселелері;
  • әйелдердің, балалардың және басқа да осал топтағы адамдардың құқықтарына баса назар аудара отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды жалғастыру;
  • цифрландыруды ілгерілетуге және қазіргі заманғы технологияларға қол жеткізу үшін қолайсыз жағдайларды азайту;
  • азаматтық қоғамның рөлі мен қатысуын арттыру;

БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары басқармасы бекіткен адам құқықтарын қорғау көрсеткіштерінің Тұрақты даму мақсаттарымен қоса ұлттық іс-қимыл жоспарларға интеграциялануын қамтамасыз ету. Өз сөзінде Э.Азимова Қазақстан әрбір азаматтың тең мүмкіндіктері, құқықтары және қорғалу мүмкіндігі болатын инклюзивті, қауіпсіз, әділ жаһандық қоғам құруға өз үлес қосуын жалғастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация басшысы форум аясында өтіп жатқан «Қазақстанның адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы бойынша міндеттемелері: имплементация және шындық» атты ҚР құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымдардың арнайы шарасында сөз сөйледі. Оның барысында Азимова адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерді имплементациялау бойынша мемлекет атқарған жұмысты, және де оның өзегі болып Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына әрқашан бейілділіктің қала беретінін атап өтті. ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы халықаралық сарапшыларды Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ұсынған шаралардың үш пакетінің іске асырылу барысы туралы, сондай-ақ Халықаралық адам құқықтары күні қарсаңында 2023 жылғы 8 желтоқсанда Президенттің Жарлығымен қабылданған Адам құқықтары саласындағы іс-қимыл жоспары туралы хабардар етті.

Сондай-ақ Э.Азимова Еуропалық Одақ делегациясының басшысы - Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкіл И.Гилмормен және Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы келісім-шарт органдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы К.Фокспен кездесті.

Өзгелердің жаңалығы