Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті Бакуде ұсталды

15 Қаңтар 2025, 09:12
420
Бөлісу:
Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті Бакуде ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша Баку халықаралық әуежайында 25 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күдікті жәбірленушінің ақшасын алу мақсатында оған дене жарақатын келтірген. Салдарынан ол көз жұмған. Кейін қаскөй мәйітті Алматы облысындағы Іле ауданына апарып тастап, өзі елден қашып кеткен.

Қазіргі уақытта ұсталған күдікті қамауда.

Өзгелердің жаңалығы