Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді

27 Тамыз 2021, 13:35
2032
Бөлісу:
Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.


«Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы.

ҚАУЛЫ:

1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына енгізілсін:

Рогов Игорь Иванович    –    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, Комиссияның төрағасы (келісім бойынша);

аталған Комиссияның құрамынан Қ.С. Мусин шығарылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.




Өзгелердің жаңалығы