Адам басына 6 млн теңгеден сұраған. Шетелде құлдыққа түскен азаматтан бір апта бойы хабар жоқ

2 Мамыр 2023, 17:28
1227
Бөлісу:
Адам басына 6 млн теңгеден сұраған. Шетелде құлдыққа түскен азаматтан бір апта бойы хабар жоқ
Фото: ortalyq.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелде құлдыққа түскен қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы кездері Таиланд пен Мьянма шекарасында орналасқан «Алтын үшбұрыш» деген аумақта Қазақстан азаматтары жұмыс құлдығына түсіп жатыр. Біз қанша ақпарат таратсақ та, ол жаққа баруды тоқтатпай келеді. Осы жылғы ақпаратқа сәйкес, 5 адам сол жерде қалды. Сәуірдің ортасына қарай бір жігіт Таиландағы консулға хабарласып, «менің жанымда төрт адам бар, құлдықта отырмыз, көмек керек» деп хабарласқан. Бұл жағдайлар бұрын болғандықтан, консулдың тәжірибесі бар. Консул оларға тиісті кеңес берді,- деп айтты Смадияров брифингте.

СІМ ресми өкілі айтуына қарағанда, компанияның аумағы шекараның жанында, онда кішігірім өзен бар.

Қазақ жігіттері сол өзенді жүзіп, Таиландтың шекарасына өтуі керек болған. Бірақ олар қашуларына жарты сағат қалғанда консулға хабарласқан. Консул Бангоктан ол жерге 7-8 сағат көлікпен жетуі керек. Әрине, ол үлгермейді. Жігіттер компания аумағынан шыққанда оларды компания өкілдері қуған. Төртеуі жүзіп үлгерген, біреуі жағада қалып қойған. Сөйтіп төртеуіне қуып жете алмаған. Олар консулға хабарласқан. Олар қазір Бангокта 3-4 күнде елге қайтады. Олар Таиландтың миграциялық заңын бұзғаны үшін сотқа тартылды. Депортация жасалады. Елшіліктің араласуымен олар айыппұлдан босатылды, - деп түсіндірді ол.

Смадияровтың айтуынша, қалған бір азаматпен бір аптадан бері байланыс болмаған.

Компанияның қызметшілерімен байланыс орнаттық. Бірақ олар әлі дұрыс жауап бермеді. Компания бір азаматқа 6 млн теңге сұраған. Жігіттер ондай ақша болмаған соң, қашқан. Олар IT компаниясында жұмыс істеуге барған, - деді Смадияров брифингте.

Өзгелердің жаңалығы