Adaldyq alany жобалық кеңсесі халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді күшейте береді

22 Мамыр 2021, 12:55
2642
Бөлісу:
Adaldyq alany жобалық кеңсесі халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді күшейте береді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Басты мақсат қоғамдағы жемқорлықты төмендету, халықтың құқытық сауатын ашу. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Adaldyq alany жобалық кеңсесінің басшысы әрі министрдің штаттан тыс кеңесшісі Тимур Жұмырбаев Алматыда өтіп жатқан жиында айтты.

Айта кесек, Алматыдағы Республикалық Достық үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыратын Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің және депуттар мен Сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтіп жатыр.

Тимур Жұмырбаевтың айтуынша, бүгін жиын жемқорлықпен күрес бағытында жұмыс істеп жатқан үкіметтік емес ұйымдармен бірге қазіргі өзекті мәселелерді талқылауға, одан шығар жолды іздеуге арналған.

Бұл халық арасында сыбайлас жемқорлықпен күресті кеңінен түсіндіру, оған қарсы тұру. Сондай-ақ жобалық кеңсемен тікелей байланыста жұмыс істейтін жобаларды іске асыру. Adaldyq alany жобалық кеңсесі халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді күшейте беретін болады. Басты мақсат халық арасында жемқорлықты төмендету. Бүгін халықпен тығыз жұмыс істеп жатқан ұйымдар жемқорлықты төмендету бойынша өз ұсыныстарын таныстырады деп отырмыз, - деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы