ADAL мүшелері Семейдегі құрылыс материалдарын шығаратын компанияның жұмысшыларымен кездесті

5 Қаңтар 2021, 20:15
1403
Бөлісу:
ADAL мүшелері Семейдегі құрылыс материалдарын шығаратын компанияның жұмысшыларымен кездесті

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында 5 қаңтар күні ADAL партиясы мүшелері Ардақ Назаров, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев, Алмасбек Садырбаев сайлаушылармен бірқатар кездесу өткізді.

Олжас Ордабаев құрылыс материалдарын шығаратын жергілікті компанияның жұмысшыларымен кездесті. Компания қызметкерлері мемлекет аймақ тұрғындарының зейнетке шығу жасын қайта қарауы керектігін алға тартты.

Сонымен қатар Олжас Ордабаев агробизнес және экономика колледжінде жастармен және оқытушылармен кездесті. Олар мұғалім мәртебесіне тоқталып, барлық санаттағы ұстаздар үшін ерекше мәртебе алудың маңыздылығын атап өтті.

ADAL мүшелері Семейдегі құрылыс материалдарын шығаратын компанияның жұмысшыларымен кездесті


 

Бұдан бөлек партия өкілдері көпбалалы отбасылармен және кәсіпкерлермен кездесулер өткізді.

Тұрғындар бірқатар проблемалық мәселені көтерді. Оның ішінде тұрғын үйдің жетіспеушілігі, алғашқы төлемге қаражаттың тапшылығы, пәтер алуды жеңілдететін жаңа жағдайларды әзірлеу қажеттілігі бар.

Талдықорғанда партия мүшесі Ләззат Шыңғысбаева да кәсіпкерлермен және жастармен кездесулер өткізуді жалғастырды.

Атап айтқанда, ол қаланың орталық базарының қызметкерлерімен жүздесті. Кәсіпкерлер партия бірқатар мәселені шешуге үлес қосса деген тілектерін білдірді. Олардың пікірінше, медициналық сақтандыру қорына аударымдар тек ерікті түрде жүргізіліп, жас ұрпақ үшін жаңа жастар саясаты іске асырылуы керек.

 

Өзгелердің жаңалығы