АЧ: Эстетикалық топтық гимнастикадан топ жарған жүлдегерлер Астанаға оралды

3 Қараша 2022, 23:23
1000
Бөлісу:
АЧ: Эстетикалық топтық гимнастикадан топ жарған жүлдегерлер Астанаға оралды

Бүгін Астанадағы халықаралық әуежайға Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионатының жүлдегерлері ұшып келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшыларды Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері мен жанкүйерлері қарсы алды.

Айта кетейік, 28-29 қазан аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Жарысты салтанатты түрде Астана қаласының құрама командасы аяқтады. Қазақстанның әнұраны 5 рет шырқалды. 6 санатты медаль жиынтығында еліміздің 2 командасы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Олардың ішінде елордалық спортшылардың еңбегін атап өту қажет:
14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер санатындағы Азия чемпиондары – Самұрық командасы, Астана (Медина Әбдібаева, Іңкәр Байронова, Ақбота Тоқанова, Валерия Лукьянова, Микаэлла Ошаганова, Айзара Әбілдинова, Адина Исабекова, Аружан Шамшина, Дарина Ақшолақова, Әмина Тастанбек, Анар Мұхамедқалиева), жаттықтырушы-хореограф – Әсел Тастанбекова.

10-12 жас аралығындағы балалар санатындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері – «Алан-Рио» командасы, Астана қаласы (Ясмина Тастанбек, Даяна Дүйсебаева, Медина Исағали, Кәмила Заманбекова, Дарья Остравенко, Жасмин Әлімбаева, Томирис Сағадат, Аяулым Ахметқали, Аруна Мекебаева, Адия Рахимова, Латифа Пшенова, Әсия Елдар), жаттықтырушы-хореограф – Әсел Тастанбекова.

12-14 жас аралығындағы балалар санатындағы Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Алан-Томирис, Астана қаласы (Аружан Қайыржанова, Алуа Исаева, Ділназ Садықова, Інжу Ермұратова, Жаныс Сағидулла, Мәдина Абдрахманова, Айшаханым Ақан, Саида Бижанова, Дана Темірболат), жаттықтырушылар – Зарина Давлетьярова және хореограф Аяулым Алтайбекқызы.

Сонымен қатар, «Алан-Рио» командасы Малайзиядағы MAGGA CUP халықаралық турнирінде де қола жүлдеге ие болғанын атап өткен жөн.

Малайзиядағы Азия чемпионатында бәсекелестік өте жоғары болды Оңтүстік Корея, Үндістан, Жапония, Малайзия командаларымен бақ сынастық. 10-12 жас аралығындағы балалар санатында 2-орынға ие болдық. Жаттықтырушыларыма алғысымды білдіремін, - деді «Алан-Рио» командасының мүшесі Томирис Сағадат.

Өзгелердің жаңалығы