Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ӘЧ-2026: Қазақстан — Солтүстік Македония кім жеңеді

9 Маусым 2025, 18:06
1020
Бөлісу:
 ҚФФ
Фото: ҚФФ

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ойын "Астана Арена" стадионында сағат 18:50 де басталады. Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің үшінші тур ойынында словакиялық төрешілер төрелік етеді. Беларусьпен өткен жолдастық кездесуде жанкүйерлердің сеніміне селкеу түсірген ұлттық құрама бүгінгі ойында барын салуы керек. Алайда қарсылас осал команда емес.

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы үшін аса маңызды ойын өтпек. Бұл матч біздің команданың алдағы іріктеу кезеңдеріндегі тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін. Ойын нәтижесі Қазақстан құрамасының қандай орындарға таласа алатынын және болашақтағы мүмкіндіктерін айқындайтын сәт болады. Жақында ұлттық құрама Беларусиямен жолдастық кездесу өткізген болатын. Алайда бұл ойыннан қажетті жауаптан гөрі көп сұрақтар туындады. Команданың қорғаныс шебіндегі әлсіз ойыны және жас ойыншылардың жіберген қателіктері нәтижесінде Қазақстан ірі есеппен жеңіліп қалды. Бұл жағдай ресми матч алдында эмоционалдық ахуалды төмендетіп жібергені рас, - дейді футбол сарапшысы Асқар Қожабергенов.

Екі құрама бұған дейін 2021 жылы бір рет кездесіп, македониялықтар 4:0 есебімен басым түскен.

Ал бүгінгі қарсыласымыз — тәжірибелі Солтүстік Македония құрамасы. Олар жуырда ғана Еуропаның ең мықты командаларының бірі саналатын Бельгиямен өз алаңында тең ойнап, өте сенімді ойын көрсетті. Бұл кездесуде тек есеп қана емес, бүкіл ойын барысы да тең дәрежеде өрбіді. Кейбір кезеңдерде Солтүстік Македонияның ойыншылары басымдық танытып, бірнеше нақты мүмкіндіктерге ие болды. Демек, бізді оңай қарсылас күтіп тұрған жоқ. Осыған орай, Қазақстан құрамасының ойыншылары бүгінгі матчта барынша шеберлік, төзімділік және жоғары концентрация танытуы қажет. Бұл турнирлік жолда тиімді нәтиже көрсету үшін шешуші сәт, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы