ӘЧ-2026: Англия, Бельгия және АҚШ 1/8 финалға жолдама алды

Әлем чемпионатының 1/8 финалында Англия – Мексика және Бельгия – АҚШ құрамалары кездесу өткізеді.

 instagram.com/fifaworldcup Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
111
Фото: instagram.com/fifaworldcup

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Англия, Бельгия және АҚШ құрамалары жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Англия құрамасы ДР Конгоны 2:1 есебімен ұтты. Кездесудің алғашқы голын жетінші минутта конголық Брайан Сипенга соққанымен, матчтың екінші жартысында Харри Кейн дубль авторы атанып, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, Англия 1/8 финалда Мексика құрамасымен кездеседі.

Бельгия мен Сенегал арасындағы кездесу ең тартысты матчтардың біріне айналды. Сенегал алғашқы болып есеп ашып, кейін басымдығын екі голға дейін жеткізді. Алайда бельгиялықтар ойын соңында камбэк жасап, Ромелу Лукаку мен Юри Тилеманстың голдарының арқасында есепті теңестірді. Қосымша уақытта төреші белгілеген пенальтиді дәл орындаған Тилеманс Бельгияға 3:2 есебімен жеңіс әкелді. Енді бельгиялықтар келесі кезеңде АҚШ құрамасымен күш сынасады.

Өз кезегінде АҚШ құрамасы Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңді. Алғашқы таймның соңында Фоларин Балогун есеп ашса, екінші таймда Малик Тиллман айып добынан мергендік танытты. Балогун қызыл қағаз алып, америкалықтар матчтың бір бөлігін он ойыншымен өткізгеніне қарамастан, жеңісті сақтап қалды.

Наверх