ӘЧ-2025: Шайбалы хоккейден Қазақстан алғашқы ойынында Норвегиямен кездеседі

9 Мамыр 2025, 23:42
324
Бөлісу:
ӘЧ-2025: Шайбалы хоккейден Қазақстан алғашқы ойынында Норвегиямен кездеседі
Фото: pixabay.com

10 мамыр, сенбі күні шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасында кездесу өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sports.kz хабарлағандай, бұл Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі алғашқы матч болмақ. Норвегия – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 15.15-те басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының В тобындағы қарсыластары да Чехия, Швейцария, АҚШ, Германия, Дания және Венгрия құрамалары болады. Бұл топтағы барлық кездесулер Хернинг қаласында (Дания) өтеді.

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына дайындығына келетін болсақ, Олег Болякиннің командасы Астанада өткен Qazaqstan Hockey Open турнирінде екі кездесу өткізгенімен, оң нәтижеге қол жеткізе алмай, әуелі Ресей-25 командасына 1:4, сосын Беларусь құрамасына 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Өзгелердің жаңалығы