Абу-Дабидегі мейрамханада жарылыс болды

31 Тамыз 2020, 19:17
1859
Бөлісу:
Абу-Дабидегі мейрамханада жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін БАӘ Абу-Дабидегі мейрамханалардың бірінде жарылыс болып, бір адам қаза болды. Бұл туралы ТАСС Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

абу.jpg
Полицияның мәліметінше, оқиғаның себебі газ баллонының жарылуынан болуы мүмкін.
Полиция қызметкерлері үй тұрғындарын эвакуациялау бойынша өз міндеттерін атқаруда. Полиция сонымен бірге қауіпсіздік мақсатында оқиға аймағын қоршап алды, - делінген WAM агенттігі келтірген құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шеккен олар жеңіл және орташа жарақат алды.
Олардың барлығы медициналық мекемелерге алғашқы көмек көрсету үшін жеткізілді, - деп атап өтті агенттік.


Өзгелердің жаңалығы