Әбілқайыр Сқақов Екібастұз қаласының негізгі проблемаларын атады

21 Қыркүйек 2021, 10:24
3767
Бөлісу:
Әбілқайыр Сқақов Екібастұз қаласының негізгі проблемаларын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Үкімет отырысында айтты.

Екібастұз - еліміздің ең ірі үш моноқаласының бірі. Соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінің өсуіне қарамастан, қаланың отын-энергетика кешеніне тәуелді болуы әлі де жоғары. Екібастұз экономикасының 65 пайызы және жұмыс істейтін халықтың жартысы осы салада жұмыс істейді, - деді ол.

Сқақов қаланың негізгі проблемалары атады.

Олар: экологиялық мәселелер, ескірген әлеуметтік-инфрақұрылым мен тозған инженерлік желілер, қаладан миграция. Бұл мәселені шешу үшін 114 шарадан тұратын қаланы кешенді жоспары әзірленді. Оны іске асыруға 932 млрд теңге инвестиция бөлу қарастырылған. Кешенді жоспардың бағыты – отын-энергетикаға сұраныс азайған жағдайда өзге салаларды дамытуға ден қою, - деді Әбілқайыр Сқақов.


Өзгелердің жаңалығы