Әбенов Асхат Аймағамбетовтің студенттік шағы туралы: Барлық дебатқа қатысып, ортаны жарып шыққан азамат

8 Желтоқсан 2022, 18:13
1035
Бөлісу:
Әбенов Асхат Аймағамбетовтің студенттік шағы туралы: Барлық дебатқа қатысып, ортаны жарып шыққан азамат

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов студенттерге Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің студенттік шағы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов «Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Қазіргі күні техникалық білім өте қажет. Өйткені оған сұраныс өте жоғары. Енді өздеріңіз көріп отырғандай, жас 100 азаматымыз өздерінің жоғары біліктілігін көрсетіп, колледж бітірмей, жоғары жетістікке жетіп жатыр. Жастайынан өзін жақсы қырынан көрсете білген азаматтың болашағы зор деп есептеймін, - деп айтты Әбенов.

Сонымен қатар ол студенттерге министр Асхат Аймағамбетовті 20 жасынан танитынын айтып, министрдің студенттік шағы туралы жылы естелікті бөлісті. 

Министрді 20 жастағы студент кезінен танимын. Ол - барлық дебатқа қатысып, ортаны жарып шыққан азамат. Бұл азаматты (Асхат Аймағамбетов – ред.) мықты азамат болады деп ойлайтынмын. Міне өздеріңіз сияқты азаматтан осындай маман шықты, - деп айтты Мұрат Әбенов.

Ол Геннадий Шиповскихтің де кезінде қарапайым теміржолшыдан депутат лауазымына дейін көтерілгенін айтты.

Жастарды құттықтап жатырмыз. Бұл – дұрыс. Бірақ жастардың осындай жетістікке жетуіне көмектескен мықты ұстаздардың еңбегін ұмытпауымыз керек, - деп қоса кетті ол.

Сөз соңында ол колледж саласында жүрген ұстаздар мен балаларға үлгілі тәрбие беріп жүрген ата-аналарға алғыс айтты.

Өзгелердің жаңалығы