Рүстем Әбдірашев: Осының бәрі елдіктің нышаны

13 Маусым 2019, 09:32
2944
Бөлісу:
Рүстем Әбдірашев: Осының бәрі елдіктің нышаны

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саясаттағы сабақтастықтың сәтті жүзеге асуы - мемлекет пен сол елде тұратын ұлттың үлкен жеңісі. Мұндай пікірді танымал режиссер Рүстем Әбдірашев білдірді.

Бұл туралы 24.кз арнасы хабарлады.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы - зиялы қауымның ортасында өскен ұрпақ. Қоғамдық жұмыста да, саясатта да білгені мен түйгені жетерлік. Сондықтан билік басына тәжірибелі әрі білікті азаматтың келуі мемлекет дамуы үшін дұрыс болғаны сөзсіз. 

«Егеменді ел ретінде екінші президентімізді сайлап жатырмыз. Осының бәрі елдіктің нышаны, елдіктің белгісі. Жасап жатқан іс-шараларымыз қазақ елінің, қазақ халқының қасиеттерін дүниеге паш етуге мүмкіндік», - дейді кинорежиссёр Рүстем Әбдірашев.

Өзгелердің жаңалығы